Журналистерге Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Журналистерге Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды
Фото: Ақорда

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарап:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Журналистерге Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы табысталды
Фото: Ақорда

«Time.kz» желілік басылымының бас редакторы Руслан Фанилевич Бахтигареевке — интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін белсенді жүргізгені үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Қайырлыұлы Байәділге — отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«NewTimes.kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа — фотожурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа — Қазақстандағы телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Baq.kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі Олжас Адайға — еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға — мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Жомартқызы Байдалыға — Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Zakon.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Екатерина Алексеевна Елисееваға — «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жан-жақты жариялауға қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Астана» телеарнасының шығармашылық ұжымына — отандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына — еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді түрде жариялауға қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Жас Алаш» газетінің шығармашылық ұжымына — отандық баспасөз басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін;

Журналистерге Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары табысталды
Фото: Ақорда

«Abai.kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына — еліміздің қоғамдық-саяси өмірін көрсетуге қосқан үлесі үшін жариялансын.

Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Айта кетелік Президент БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді