Журналистика саласындағы «Алтын жұлдыз» иегерлері анықталды
АЛМАТЫ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда журналистика саласындағы жоғарғы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Бұл сыйлық Қазақстанның баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ең маңызды жұмыстарға беріледі. Биыл бұл құрметке Алматыдан «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Айнаш Есалы, Павлодардан фототілші Владимир Бугаев және «Алматыкітап баспасы» Директорлар кеңесінің төрайымы Элеонара Баталова ие болды. Онда сондай-ақ, «Ана тілі» республикалық газетінің бас редакторы Самат Ибрагим, «Портрет недели» бағдарламасының жүргізушісі, тележурналист Сергей Понамарев, «Новая газета Казахстан» басылымының бас директоры Амантай Дандығұлов Қазақстан журналистер академиясының толық мүшесі атанды.