Жуық арада Ресей Ғылым академиясы қайта құрылады - Дмитрий Медведев
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - РФ Министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведев РҒА жуық арада қайта құрылады деп мәлімдеді. Тиісті заң жобасы үкіметте әзірленуде. Онда Ресей Ғылым академиясын қайта құруға қатысты шаралар көрсетілген.
Бұл туралы Утро.ру хабарлады.
"Ғалымдар ғылыммен айналысуы тиіс. Оларды мүлік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарудан босату керек. Академияның қазіргі қызметі заманауи талаптарға сәйкес келмейді", - деді Медведев. Ресей Ғылым академиясының пайдасыздығын бұған дейін елдің білім және ғылым министрі Дмитрий Ливанов та айтқан.