Жуырда м-агент туралы қазақстандық режиссердің фильмі прокатқа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін Рақышевтің "М-Агент" үрейлі картинасы 3 сәуірде Қазақстан прокатына шықпақ. Бұл туралы kinostan.kz сайты хабарлады.
None
None

Фильмде ауқатты отбасынан шыққан студенттер туралы баяндалады. Бірде олар түнде қыдырыстан келе жатып, жол бойында бір қызды қағып кетеді. Достар оның денесін қала сыртына шығарып, тастап кетеді. Осыдан кейін әлгілер бірінен соң бірі белгісіз себептермен өле бастайды.

Осы кезде қалада маньяк пайда болғаны туралы қауесет тарайды. Ол "Агент" мессенджері арқылы адамдармен танысып, кейін соларды өлтіреді екен. Бұл іске полиция мен бір журналист араласады. Басты кейіпкерлер бастары бәлеге қалғанын түсінеді, бірақ бәрі кеш еді.

Сценарийді Еркін Рақышевтің өзі жазған. Басты рөлдерде Зәуре Көпжасарова, Гүлшарат Жұбаева, Жасұлан Молдақұл, Дина Тасболатова ойнайды.

Еске сала кетелік, "М-Агент" хорроры 2013 жылы ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында таныстырылған еді.

Соңғы жаңалықтар