Жуырда жабылған «Одноклассники» әлеуметтік желісінің баламасы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстанда жергілікті vipnet.tj әлеуметтік желісі ашылды. Ол елде жуырда жабылған ресейлік «Одноклассники» әлеуметтік желісінің баламасы көрінеді.
Жаңа әлеуметтік желіде экстремистік материалдар мен балағат сөздердің жариялануына қатаң тыйым салынған. Онда бұлардың жариялануына жол бермейтін арнайы фильтр бар.
Сондай-ақ онда Тәжікстан Республикасының заңдылықтарына қайшы келетін материалдардың жариялануына да тыйым салыныпты. Атап айтқанда, Ислам дініне сай келмейтін фотолар мен бейнематериалдар, сонымен қатар авторлық құқықты бұзатын материалдар да жарыққа шықпайды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан.