Жүйткіген пойыз астында 48 бұғы қалды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Швецияның солтүстігінде сирек кездесетін бұғылар табыны пойыз астында қалды, нәтижесінде 48 бұғы мерт болды, деп жазады ria.ru сайты.
Өткен сенбіде бұғылар табыны зулап келе жатқан пойыздан қашып құтылғысы келген, алайда жануарлар түйсікке салып темір жол бойымен қашқан, сөйтіп жаппай қырылып қалды.
Солтүстік бұғылары Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгендігімен ғана емес, сонымен бірге Швецияның солтүстігінде көптеген адамдардың тұрмыс салтында маңызы зор.