Жүз метрлікте ілеспе жел америкалыққа Усэйн Болттың рекордын жаңартуға сеп болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық спринтер Джастин Гэтлин Жапонияда көрнекі шоу аясында 100 метрлік қашықтықта жүгіруде ямайкалық Усэйн Болт орнатқан әлемдік рекордты жаңартты.
Бұл туралы дүйсенбі, 29 ақпанда Lenta.ru Le Figaro-ға сілтеме жасап хабарлады.
34 жастағы спортшы 9,45 секундта қашықтықты еңсеріп үлгерді, бұл Болттың нәтижесінен 0,13 секундқа жылдамырақ. Алайда бұл жетістік ресми тіркелмейді, себебі бұған ілеспе желдің күші ықпал етті. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен, ал жарыс кезінде секундына 2 метр болуы шарт.
Болт әлемдік рекордты 2009 жылғы 16 тамызда Берлинде әлем чемпионатында орнатқан болатын.
Гэтлин - 2004 жылғы олимпиадалық чемпион, төрт дүркін әлем чемпионы. Ол допинг қолданғаны үшін ұзақ уақыт жарысқа қатысу құқығынан айырылғаннан кейін (2006 жылғы мамыр мен 2010 жыл аралығы бойынша) үлкен спортқа қайта оралды.