Жүз жасаған астаналық кейуананы мерекемен құттықтады

Ғасыр жасаған ғұмырында кейуана көп қиындықтарды бастан өткерген. Орал облысында дүниеге келген ол Ұлы қазан төңкерісін, екі соғысты көрген.
«Ата-анамнан бір жасымда көз жазып, өмірдің ащы дәмін бала күнімнен татып өстім. Сонау аласапыран 1931-33 жылдары қазақ даласын жайлаған ашаршылық заманды да бастан өткердім. Отыз жасымда Қарағандыда тұрмысқа шықтым, күйеуімді сол жылы әскерге алып кетті. Сегіз құрсақ көтердім. Екі балам кісінің қолынан қаза тапты. Жалпы алты баладан көз жаздым, екеуі жанымда», - деген қарияның сөздері мен ісі әлі де мығым.
«Біз ардагерлерді көбіне мерейтойларымен құттықтаймыз. Міне, бүгін жүзге келген қарияның шаңырағына 8 наурыз күні келіп, өзімізше мерекелік сый-сияпат ұсынуымыз айырықша жағдай болды», - деді аудан әкімі Ермек Оспанов.