«Жүз жылдық жалғыздық» ең ықпалды кітап деп аталды
АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Габриэль Гарсиа Маркестің 1967 жылы жарыққа шыққан «Жүз жылдық жалғыздық» романы әдебиетке соңғы 25 жыл ішінде ең ықпал еткен шығарма деп танылды. Бұл жөнінде Wasafiri әдеби журналы мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Журнал қазіргі заманғы 25 жазушының пікірін сұраған және сауалдама қорытындысы бойынша ең ықпалды кітаптың тізімін жасаған. Сауалдамаға қатысқандардың ішінде, атап айтқанда, үндістандық жазушылар Индра Синх пен Амит Чаудхури, үндістандық әйел ақын Суджату Бхатт, Гана жазушысы Нии Айквей Паркес, сондай-ақ ұлыбритандық жазушы Блейк Моррисон болды.
Бірден үш жазушы: Бхатт, Паркер және тегі нигериялық Бельгияның әйел жазушы Чика Унигве «Жүз жылдық жалғыздықты» «ең маңызды шығарма» деп атағаннан кейін роман тізімдегі бірінші сатыда қалды. Қалған пікірлер әртүрлі болды.
Нәтижесінде тізімдегі «екінші орынды» Владимир Набоковтың «Лолита», Барака Обаманың «Менің әкемнің арманы», Салман Рушдидің «Сайтанның сандырағы» және «Түнгі балалар», Видиатхар Найпонның «Бисвас мырзаға арналған үй», Людвиг Витгенштейннің «Философиялық зерттеулер» деген шығармалары және басқа 17 кітап өзара бөлісті.