Жүздеген адам Лондон орталығында Тэтчердің қайтыс болуын атап өтуде

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Жүздеген адам Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің өлімін атап өту үшін Лондон орталығындағы Трафальгар алаңына жиналды.

Жүздеген адам Лондон орталығында Тэтчердің қайтыс болуын атап өтуде

Бұл туралы АҒР хабарлады.

Алаңға жиналғандардың арасында бұрынғы кеншілер, солшылдар қозғалыстарының белсенділері және студенттер. Қатысушылар «темір ханымның» қуыршағын жасап, ара-тұра экс-премьердің өлімінен кейін танымал болып кеткен «Оз елінің сиқыршысы» фильміндегі «Динь-дон, жалмауыз өлді» әнін шырқауда. Лондон полициясы жоғары дайындық күйіне келтірілді. Трафальгар алаңына құқық сақшыларының күшейтілген жасақтары тартылды.

Еске салайық, «темір ханым» Маргарет Тэтчер 87 жасында 2013 жылдың 8 сәуірі күні көз жұмды. Ол Ұлыбритания үкіметінің басшысы лауазымында 1979-1990 жылдар аралығында болды.