Жүздеген аргентиналық Буэнос-Айрестегі шеруде Мессиден құрамадан кетпеуін сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Буэнос-Айрестің жүздеген тұрғыны нөсерге қарамастан шеруге шығып, футболшы Лионель Мессиді ұлттық құрамадан кетпеуге шақырды, деп жазды Reuters.

Жүздеген аргентиналық Буэнос-Айрестегі шеруде Мессиден құрамадан кетпеуін сұрады

Шеру жауын жауып жатқанда өтті. Адамдар қолдарына баннерлер, тулар және транспаранттар ұстап, Мессиден ұлттық құрамада қалуды сұрады, деп хабарлады Reuters.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Америка кубогының финалдық ойынында Аргентина құрамасы Чилиге 4:2  есебімен жол беріп қойған болатын. Осы сәтсіздіктен кейін даңқты футболшы Месси ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді.