Жүздеген мектеп оқушысы қара елестің өздерін өлтіруге әрекеттенгенін айтқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перулік Тарапото қаласында мектептердің бірінде 11-14 жас аралығындағы жүзге жуық оқушы ұзын қара сақалды елес көргендерін, ол өздерін буындырып өлтірмекші болғанын айтқан.

 Жүздеген мектеп оқушысы қара елестің өздерін өлтіруге әрекеттенгенін айтқан

Оқиға кезінде олар естерін жоғалтып, дірілдеп-қалшылдап қалатын болған, деп хабарлады Mirror-ға сілтеме жасаған Vesti.ru.

Оңтүстікамерикалық журналистер Перудің солтүстігінде орын алған таңқаларлық, қорқынышты жағдай жайлы жазып жатыр. Тарапото мектептерінің бірінде сәуірдің аяғында жүздеген оқушы сабақ үстінде талып құлап, көпке дейін өз-өздеріне келе алмаған. Олар елес көрген сәтте аяқасты денелері қалшылдап естерінен танған көрінеді. Оқушылар тек бір ғана оқиғаны баяндаған: оларды қара елес өлтіруге тырысқан.

Дәрігерлер мен жергілікті билік әзірге мұның себебін түсіндіре алмай отыр.