Жүздеген мигрант Венгриядан Австрияға жаяу кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүздеген мигрант Будапешттен кетіп, Австрияға жаяу аттанды, деп хабарлады венгриялық баспасөз. Бұлар Германияға баратын пойызға отыруға үміттеніп, бірнеше күн бойы вокзал маңында түнеген.
Жуырда темір жол басшысы арнайы өкім шыққанға дейін көліктердің қатынауы тоқтатылғанын хабарлады.
Атап айтар болсақ, 3 қыркүйекте Келети вокзалынан Австрияға аттанған пойызды Будапешттен 40 шақырым жерде тоқтатқан.
Мигранттарды түсіріп, босқындарға арналған лагерьге жіберген. Шараны ұйымдастыру кезінде тәртіпсіздіктер орын алған болатын.