Жүздеген тірі тасбақаны шекарадан алып өтпек болған қазақстандық ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейге жүздеген тірі баспақаны алып өтпек болған 24 жастағы қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде шекарашылар жекеменшік жеңіл автокөлігімен «Қостанай - Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан 24 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Оның көлігінің жүксалғышынан 131 тірі тасбақа табылды. Құжатсыз тасбақалардың нарықтағы құны 1 300 000 теңге деп есептелінуде», - делінген баспасөз хабарламасында.