Жүздеген үлескерді алдаған ірі құрылыс компаниясының басшысын өлтіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Омстрой-2001» ірі құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы Виктор Бергтың мүрдесі Омбы шетіндегі орманнан табылды.
None
None

Киллер кәсіпкердің басынан екі рет атқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Виктор Бергке қатысты онға жуық қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Олардың арасында жалақыны төлемеу, несиені заңсыз алу, аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін ұрлау, қасақана банкроттық, қызметтік өкілдігін теріс пайдалану, сот шешімін орындамау бар.

2009 жылға дейін Берг «Омстрой-2001» құрылыс компаниясын басқарған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол миллиард рубльге жуық қаржыны ұрлауда күдікті танылған. Оған қатысты қылмыстық істер 300-ге жуық томды құрады. Оны үш жылдан бойы Омбының Куйбышев аудандық соты қарауда.

Соңғы жаңалықтар