Жүздеген жолаушы мінген паром дауылға тап болып, суға батып кетті

ЖАКАРТА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Индонезияның аумақтық суларында бортында 250 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған кеме апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
None
None
Тасымалдаушы компания өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан қаза болғандар бар, бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз. 18 адамның құтқарылғаны туралы ғана ақпарат түскен. Teratai Prima паромы Сулавеси мен Калимантан аралдарының арасында теңіз дауылына тап болып, соның салдарынан суға батқан деп пайымдалып отыр.
Соңғы жаңалықтар