Жүзден астам әскери Алматы облысының тауларында жауынгерлік кезекшілік жасады

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - 100-ден астам әскери қызметші Алматы облысының тауларында жауынгерлік кезекшілікті жүзеге асырды. Олар өрт қауіпсіздігін түсіндіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүзден астам әскери Алматы облысының тауларында жауынгерлік кезекшілік жасады

«Өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері облыс аумағында мемлекеттік орман қоры аумағындағы құрғақ шөптер мен өсімдіктердің 21 жануы тіркелді. Жалпы ауданы 16 418 га, материалдық шығыны - 19 млн 681 мың теңге. Елді мекендерден тыс жерлерде құрғақ шөптің 99 жануы 148 га алаңда орын алды. Өз кезегінде, өрт қауіпті кезеңге дайындықты күшейту үшін Алматы облысының Талғар және Қарасай аудандарында, сондай-ақ бекеттерінде өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Іле өзені бойындағы құтқарушылар базасында азаматтық қорғаныс 28237 әскери бөлімінің 120 қызметшісі қойылды», - делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әскери қызметшілермен орман өртіне әрекет ету және алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері әскери қызметшілермен бірлесіп күн сайын халықтың демалатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді. Рейдтік іс-шараларды өткізу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілер, орман шаруашылығы және ұлттық парктер тартылады. Азаматтық қорғаныс күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО-дан 51 адамнан тұратын 10 мобильді топ құрылды. Құрғақ шөптің жануына әкеп соққан өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін 1 млн 483 мың теңге сомасына айыппұл түрінде 23 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының ТЖД облыс тұрғындарына, туристерге және қонақтарға өрт қауіпті маусымда қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтауды ұсынады.