2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Жүзге толған британдық егіздер ұзақ жасаудың құпияларымен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сторпорт-он-Северн қаласының (Вустершир британ графтығы) егіздері 100 жасқа толғандарын атап өтіп, ұзақ жасаудың құпиясы еңбексүйгіштік пен дұрыс тамақтану екендігін айтты. Бұл туралы Metro хабарлады.

Жүзге толған британдық егіздер ұзақ жасаудың құпияларымен бөлісті

Ирен Крамп (Irene Crump) пен Филлис Джонстың (Phyllis Jones) арасы 25 минут қана. Екі әйел 20 қараша күні мерейтойларын атап өтіп, басылымға өмір бойы бірге жүргендерін мәлімдеген. Егіздер бір мектепте білім алып, бір жұмысқа орналасқан және өмір бойы бірге тұрған. Енді оларға Джонстың 58 жастағы ұлы Карл қарауда.

Айта кетейік, Ирен мен Филлис Ұлыбритания тарихындағы 100 жылдықтарын тойлаған 6 егіз жұптың бірі.