Жүзуден әлем чемпионаты: Әділбек Мусин финалға өте алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Әділбек Мусин Фукуокада (Жапония) жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына қатысты. Ол 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуден өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы турнирдің финалына өте алмады.
Жартылай финалда Мусин жетінші болды. Ол 51,81 секунд уақытта жүзіп келді. Нәтижесінде өз өнерін 14-ші орында аяқтады.
Айта кетейік, ол квалификацияда Қазақстан рекордын орнатқан еді.
Әділбек Мусин Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.