Жүзуден әлем чемпионаты: Ахметқалиев мүгедек-спортшылар арасында күміс олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнуар Ахметқалиев тірек-қозғалыс аппараты және көз жанары бұзылған мүгедек-спортшылар арасындағы жүзуден өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Чемпионат 2 - 8 желтоқсан аралығында Мексикада өтті, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
«Жігер» спорттық клубының түлегі Әнуар Ахметов 100 метрлік қашықтықта брасс әдісі бойынша 1:12.09 көрсеткішке қол жеткізіп, әлемнің күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ ол, 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде төртінші орынға табан тіреді. (0:59.85)»,-деп көрсетілген хабарламада.
Спортшымыз елге 11 желтоқсан күні оралады. Онымен бірге жүзуден ұлттық құраманың 12 спортшысы келе жатыр. Ұлттық құрама спортшылары Франкфурт - Астана әуе рейсімен ұшып келеді.
Бұдан бұрын мұндай жетістіктерге жеткен бірнеше спортшы бар: Зүлфия Ғабидуллина 1-2 орындарғы ие болса, Наталья Звягинцева алтынға қол жеткізген, Роман Агалаков күміс, Андрей Афанасьев қола медальды қоржынға салған болатын.