Жыл аяғына дейін Алматы метросының үш стансысының құрылысы аяқталады

АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматы қаласының әкімі  Ахметжан Есімов  салынып жатқан метроның «Жібек жолы», «Алатау» стансыларының құрылысымен танысты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі алдымен Панфилов пен  Гоголь көшелерінің қиылысына орналасқан инженерлік корпуста болды. Бұл кешен  үстіміздегі  жылдың қараша айында іске қосылады.Мұнда «Алматы қаласының метрополитені»  МҚК мен қызмет көрсету бөлімі орналасады.

  Метро құрылысы бойынша әкім сапарынан белгілі болғаны 2009 жылдың аяғына таман   «Райымбек»,  «Алатау», «Жібек жолы» деп аталатын стансылардың құрылысы аяқталады. Қазіргі кезде «Райымбек» стансысы 90, «Жібек жолы» стансысы- 75, «Алатау» стансысы -  65 пайызға дайын.Қазіргі кезде метро құрылысы кесте бойынша  жүзеге асуда. 2009 жылдың сәуір айында Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев метро құрылысына 14 миллиард теңге бөлу жөнінде Үкіметке тапсырма  берген болатын. Қазіргі кезде бұның бірінші траншы толық игерілген.

Метроны салуда қазақстандық сипатқа ерекше мән берілуде. Қазақстан сәулетшілерінің өнері осы құрылыста 100 пайызпайдаланылуда. Алайда, Қазақстанда қажетті материалдардың жоқтығы салдарынан, өзге елдер кәсіпорындарының өнімдері де кәдеге жарауда.

Соңғы жаңалықтар