Жыл аяғына дейін Алматыда күшті жер сілкінісі болмайды

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Жыл аяғына дейін Алматыда күшті жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің «Сейсмология институты» ЖШС-іне жасаған жұмыс сапары барысында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сейсмология институты 1976 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Геология институты мен Қазақ КСР Ғылым академиясы Математика және механика институттарының ғылыми- зерттеу зертханасы негізінде құрылған. Сейсмология институтында қазіргі кезде 10 ғылыми зертхана, 1 бөлім, 88 қызметкер, оның ішінде 3 академик, ҒА-ның 1 мүше-корреспонденті, 9 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты, 60 ғылыми қызметкер жұмыс жасайды. Институттың негізі міндеті - түрлі тәжірибелер және болжамдар жүргізу барысында Қазақстанның барлық аймағындағы сейсмикалық мәселелерді зерттеп, алдын- ала сараптама жасау, мониторинг жүргізу. Гидротехникалық қондырғылар орнату мен кен- металлургия және мұнай барлау жұмыстарына өз сараптарын белгілеу және болжам жасау.Жүргізілген әр істің қауіпсіздігі мен сейсмикалық шыдамдылығына баға беру. «Сейсмология институты» ЖШС директоры, ҒА академигі, техника ғылымының докторы, ЮНЕСКО жер сілкінісі жөніндегі сарапшысы Таңатқан Абақановтың айтуынша, институт сілкініс болжамын ұзақ мерзімге - 5-7 жылға, 1 жылдық орташа және 1 айға қысқа мерзімге жасайды. Оның айтуынша, жыл аяғына дейін магнитудасы 5 балл және одан да жоғары жер сілкінісі Алматы болжау полигонының аумағында болмайды. Қала әкімі Сейсмология институтының жұмысымен жан- жақты танысып, мегаполистегі нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігіне назарды ерекше күшейту жөнінде тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар