Жыл аяғына дейін мұнай құнының баррелі 90 долларға жетеді

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Биылдың өзінде мұнай баррелінің бағасы 85-90 долларға жетуі мүмкін. Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Ресей мұнай-газ өнеркәсібі одағының президенті Геннадий Шмаль осындай болжам айтты,
None
None

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Г.Шмальдің өзі әділетті баға 70 доллар болуы тиіс деп санайды. Оның айтуынша, мұндай көрсеткіш өндіруші компаниялардың да, тұтынушылардың мүддесіне сай келеді. «Бүгінде баға барреліне 75-80 доллардың айналасында және бұл қалыпты жағдай», - деді ол.

Ал кейбір сарапшылардың мұнай бағасы 100 долларлық межеге жетуі мүмкін деген болжамдары қисынсыз деп атады.

Соңғы жаңалықтар