Жыл басынан бастап АМӨЗ 435 тонна бензин шығарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) 2016 жылдан бастап тұтынушыларға қанша өнім жөнелтілгенін есептеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кәсіпорын 9 айда барлығы 3 млн. 395 мың мұнай өндірді: автобензин АИ-95 - 47273 тонна, АИ-92 -356435 тонна, АИ-80 - 30155 тонна, автобензин Супер-98 - 1807 тонна. Тұтынушыларға 1 млн. 27 мың тонна дизель отыны жөнелтілді», - деп хабарлады АМӨЗ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, АМӨЗ қазірде экологиялық таза Еуро-5 стандартты жоғары октанды бензин шығаруды едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін мұнайды тереңнен өңдеу кешенін салу жұмыстарын жүргізуде. Кешен ашық мұнай өнімдерін шығаруды ұлғайтуды ғана көздемейді, ол Қазақстанда құрылған, дайын өнімді өндіруге бағытталған мұнай-химиялық тізбекте маңызды буын болмақ.

Кешен құны - 1 млрд. 700 млн доллардан асады. Негізгі қаржыландыру Қытай Экспорттық-импорттық банктің несиесі есебінен жүргізіледі.

Құрылыс Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында салынуда және қайта жаңартудың аяқталу кезеңі болады. Кешен 2 млн 400 мың тонна шикізат, оның ішінде жылына 1 млн 700 мың тонна жоғары октанды бензин алатын мазут пен вакуумды газ майы дизель отыны қайта өңделеді. Бүгінде мұнай өңдеу тереңдігі 60 пайызға жуық болса, бұл меже жөндеуден кейін 85 пайызға дейін жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар