Жыл басынан бастап СҚО сыртқы сауда айналымы 195,9 млн долларды құрады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бастап СҚО сыртқы сауда айналымы 195,9 млн АҚШ долларын құрады. Экспорт бойынша өңірдің негізгі әріптесі Ауғанстан (экспорттың барлық көлемінен 37,6%), Өзбекстан (20,0%), Тәжікстан (12,0), Бельгия (7,4%), Латвия (4,4%), Қытай (3,9%) болып табылады.

Жыл басынан бастап СҚО сыртқы сауда айналымы 195,9 млн долларды құрады

Облыстың негізгі экспорттық тауарлары бидай мен ұн, оның үлесі 65,4 пайызды құрайды. 

Жыл басынан бастап жалпы сыртқы сауда айналымы 195,9 млн АҚШ долларын, экспорт - 72,2 млн. АҚШ долларын, импорт - 123,7 млн АҚШ долларын құрады, - деп атап өтті СҚО әкімінің баспасөз қызметінде.
Оның ішінде 2016 жылғы қаңтар-маусымда алыс және таяу шетелдермен сыртқы сауда айналымы 96,9 млн АҚШ доллары сомасында қалыптасты, бұл ретте экспорт 58,5 млн АҚШ долларын, импорт - 38,4 млн АҚШ долларын құрады.
Осы жылғы қаңтар-мамырда ЕЭО қатысушы мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемі 99 млн АҚШ долларын, оның ішінде экспорт - 13,7 млн АҚШ долларын, импорт - 85,3 млн АҚШ долларын құрады.
Импорттық өнімдерді көп жеткізушілер: Израиль (импорттың барлық көлемінен 30,7%), Қытай (18,6%), Украина (11,1%), Польша (4,9%).
Негізінен машина, жабдық, көлік химиялық өнеркәсіп, минералдық өнімдер, дайын тауарлар импортталады.