Жыл басынан бастап Жерорта теңізі бойынша Еуропаға 55 мыңнан астам мигранттар мен босқындар келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бастап Жерорта теңізі бойынша Еуропаға 55 528 мигранттар мен босқындар келді. Жолшыбай 244 адам қаза тапқан, деп хабарлады ТАСС.

Жыл басынан бастап Жерорта теңізі бойынша Еуропаға 55 мыңнан астам мигранттар мен босқындар келді

Бұл туралы бейсенбі Женевада өткен брифингте Халықаралық көші-қон ұйымының ресми өкілі ДжоэлМиллман хабарлады.

«ХКҚ бағалауынша, 2016 жылдың 28 күнінде Еуропаға өту үшін Жерорта теңізін 55 528 мигранттар мен босқындар кесіп өткен. Яғни күніне 20 мыңдай адам», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл орташа күнделікті көрсеткіш шамамен «екі жыл бұрынғы қаңтарда келген жалпы санға тең» жыл басынан бастап, - деп жалғады сөзін Миллман, - Жерорта теңізінде 244 адам қаза тапты. Бұдан басқа, «10 мигрант пен босқындар Еуропаға жеткен кезде не Түркия жолында қаза тапқан». 2014 жылғы қаңтарда теңізде 12 адам көз жұмып, 2015 жылғы қаңтарда 82 адам ажал құшқан, - деп еске түсірді ХКҚ өкілі. Миллман жыл басынан бастап 52 055 мигрант пен босқындар Грекияға, 3473 - Италияға келгенін нақтылады.