Жыл басынан бері 10 келіден астам есіркі заттары тәркіленді - Астананың Кедендік бақылау департаменті

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес жөніндегі басқармасы биылғы бірінші жартыжылдықта 10 келіден астам есіркі заттарын тәркіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласы бойынша аталған департамент бастығының орынбасары Ерлан Керімов айтты.

«Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 3 факті анықталды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы көлемі 10 келі 358 грамды құрап отыр»,-деді ол.

Атап айтқанда, есепті кезеңде контрабандаға қарсы күрес басқармасы 15 қылмыстық және 384 әкімшілік іс қозғады. Қылмыстық іс қозғалған контрабанда фактілері бойынша тауарлардың құны 104 миллион теңгеге жеткен. Тәркіленген тауар мен валюта 53,2 миллион теңгені құрайды, сондай-ақ мемлекет кірісіне 20,1 миллион теңгенің тауары тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар