Жыл басынан бері 21 тіркелмеген діни бірлестік қызметінің жол кесілді
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жыл басынан бері 21 тіркелмеген діни бірлестік қызметінің жол кесілді.
Бұл туралы бүгін елордадағы брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«2011 жылдың 6 айында экстремистік сипаттағы қылмыс белгілері бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жыл басынан діни қарым-қатынас саласында 116 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 21 тіркелмеген діни бірлестік қызметінің жолы кесіліп, 85 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол.
ІІМ өкілінің атап өтуінше, еліміздің құқық қорғау органдары экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде.
«Экстремизмнің енуінің және таралуының алдын алу мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында терроризммен күрес бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда», - деді ол.