Жыл басынан бері 22 млн тонна мұнай өндірілді – Энергетика министрі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар-наурыз айларында мұнай өндіру және экспорттау көрсеткіштерінде өсім байқалады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала деректер бойынша, биылғы қаңтар-наурызда мұнай және конденсат өндіру көлемі 22,7 млн тоннаны құрады. Оның ішінде, Теңізде – 7,3 млн тонна, Қашағанда – 4,7 млн тонна және Қарашығанақта 3,2 млн тонна мұнай өндірілді», - деді Энергетика министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, есепті кезеңде 17,6 млн тонна мұнай экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

«Газ саласы туралы айтатын болсақ, жыл басынан бері 15 млрд текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 8,2%-ға өскенін көрсетеді. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 6,7 млрд текше метрді құрады. Бұл ретте, ішкі тұтынудың ұлғаюына байланысты газ экспорты көлемі төмендеді», - деді Б. Ақшолақов.

Бұған дейін министр Қазақстаннан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін әкету тыйымы тағы 6 айға ұзаратынын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар