Жыл басынан бері 66 мың жұмысшыға 5 млрд. теңгеден астам жалақы қарыздары қайтарылды - Бас прокуратура

 АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 2009 жылы прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде 66 мың жұмысшыға тиесілі 5 млрд. теңгеден астам жалақы қарызы өтелді.
None
None

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Н.Сүйіндіковтің айтуынша, тексеріс барысында заңды белден басып, еңбек қатынасын бұзған 363 тұлға тәртіптік, 727 тұлға әкімшілік, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 Мәселен, Алматы қаласы прокурорының ұйғарымы бойынша «Алматытелефонқұрылыс» АҚ 200 қызметкеріне тиесілі 13 млн. теңгеден астам жалақы қарыздарын қайтарды.

 «Ақмола облысында «Жаңа-Жер» ЖШС прокурордың ұйғарымы бойынша өткен жылдың қыркүйек айынан бастап пайда болған 301 қызметкерінің алдындағы 30 млн. теңгеден астам жалақы берешегін өтеді. Сондай-ақ, прокурордың ұсынысы бойынша «Қазақалтын» АҚ 977 қызметкерге жалпы сомасы 54 млн. теңгеден асатын жалақы қарызын жапты», деді ресми өкіл.    

 Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы «БГС-Ақсай» және «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ЖШС тиісінше, 213 қызметкердің алдындағы 15 млн. теңгеден астам және 248 қызметкердің  17 млн. теңгеден астам жалақы бойынша қарыздарын өтеу туралы ұйғарым шығарды.

Соңғы жаңалықтар