Жыл басынан бері 785 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жарты жылдың ішінде 785 адам коронавирус салдарынан мерт болды. Аталған статистиканы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл 6 айда КВИ-дан 785 адам қайтыс болды. Өлім-жітім көбінесе қаңтар-ақпан айында болды. Атап айтқанда, қаңтарда коронавирус салдарынан 311 адам қайтыс болды, ақпанда - 411, наурызда - 54, сәуірде - 3, мамырда - 3, маусымда - 1 және шілде айында 3 пациент мерт болды», - деді Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирустан қайтыс болғандар туралы статистиканың күнделікті жарияланбауына қатысты түсінік берді.

«Маусымнан бастап коронавирус бойынша өлім-жітім азайды. Статистиканы күнделікті жариялаудың қажеті жоқ. Коронавирус жұқтырып, арты өлімге алып келген жағдайларға қатысты мәлімет бойынша министрлікке жүгінуге болады», - деді Айжан Есмағамбетова брифингіде.

Айта кетейік, бұған дейін А. Есмағамбетова маймыл шешегі вирусының қаупіне қатысты жағдайды баяндап өткен еді.


Соңғы жаңалықтар