Жыл басынан бері Ақмола облыстық гарнизонындағы қылмыс деңгейі 27 пайызға кеміді - ведомствоаралық мәжіліс

АСТАНА. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері Ақмола облыстық гарнизонының әскери прокуратурасы қылмыстық іздестіру органдары мен әскери басшылық атқарған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың жартысында гарнизондағы қылмыс деңгейі 27 пайызға кеміді. Бұл туралы бүгін Ақмола облыстық гарнизонының әскери прокуроры Ермек Жаңатаев мәлім етті.

Жыл басынан бері Ақмола облыстық гарнизонындағы қылмыс  деңгейі 27 пайызға кеміді - ведомствоаралық мәжіліс

Оның сөзіне қарағанда, жақында ғана Бас прокуратураның алқа мәжілісінде әскери прокуратуралардың жарты жылдағы қызметінің қорытындылары сөз болды. «Жалпы алғанда онда еліміздің әскери бөлімдері мен жауынгерлер құрамдарында қылмыстың біршама азайғандығы айтылды. Мұндай жетістіктерден біздің гарнизон да

құр алақан емес. Бұл әскери прокуратура мен әскери бөлімдердің қызметкерлерімен бірлескен жұмыстардың жемісі. Бұған әрине бізге ылғи да қолдау көрсетіп жүретін «Нұр Отан» партиясының да ықпалы болмай қалған жоқ», деп атап көрсетті Е.Жаңатаев.