Жыл басынан бері Алматыда көші-қон заңнамасын бұзушыларға 134 млн. теңге айыппұл салынды

сонымен қатар шетелдік қонақтардың көптеп келуі мүмкін деген өнеркәсіп нысандарына бақылауды күшейтіп отыр, деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД-і.
Бүгінгі таңда тек Алматыға уақытша келушілердің саны 177 мың 425 адамды құраса, оның ішінде ТМД азаматтары 140 мың 828 және 36 мың 597 азаматтар алыс шетел елдерінен келгендер болып отыр.
«Заңсыз көші-қонның жолын кесу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Көптеген гастарбайтерлер тұрақты мекен-жайы болмаса да жұмыстың аздығына қарамастан қылмыстық ахуалды шиеленістіре түсуге ықпал етуде»,- дейді Алматы қалалық ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы, полиция майоры Қуаныш Бекебаев.
Оның айтуынша, заңсыз миграция, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тарту фактілерін, сондай-ақ құқық қорғаушылардың бақылауындағы шиеленісті аймақтардан келген азаматтарды анықтау мақсатында 2011 жылдың он бір айында Алматы қаласы ІІД Көші-қон полиция басқармасының қызметкерлерімен 7 «Құқық тәртібі» жедел-алдын алу іс-шарасы, 2 «Мигрант», 1 «Келімсек» шарасы қолға алынған.
«Жекелей айтқанда, қаламызда заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтарды анықтау тұрғысында базарлар, құрылыс нысандары, қонақ үйлер, демалыс, сауықтыру кешендері, жатақханалар және өзге де мекемелер тексерілді. Заңсыз келімсектердің басым бөлігін Өзбекстан мен Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары құрап отыр. Жыл басынан көші-қон заңдылығын бұзған 34 мың 907 адам ұсталса, соның ішінде 2890-ы алыс шетелдік азаматтар (оның 1346-сы - Қытай, 691-і - Түркия, 160-ы - Ауғанстан) болса, 21 мың 135-і ТМД елдерінің азаматтары (13568-і - Өзбекстан, 3071-і - Ресей, 3042-сі - Қырғызстан, 794-і - Тәжікстан) болған. Елімізден шығарылған шетелдік азаматтардың саны 1953 адам»,- деді Қуаныш Бекебаев.