Жыл басынан бері Алматыда жол бойын ластауға байланысты 5 миллион 717 мың теңгенің 8092 әкімшілік хаттамасы толтырылған

АЛМАТЫ. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Жыл басынан бері Алматыда жол бойына қоқыс төгумен байланысты 5 миллион 717 мың теңге көлеміндегі 8092 әкімшілік хаттамасы толтырылған,

Жыл басынан бері Алматыда жол бойын ластауға байланысты 5 миллион 717 мың теңгенің  8092 әкімшілік хаттамасы толтырылған

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы ІІБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы басшылығының тапсырмасы бойынша, жайма базарды жою, аялдамалар мен тротуар бойындағы көлік тұрақтары, балабақша және спорт алаңдары, сонымен қатар үй алаңдарының санитарлық тазалығын сақтауын қамтамасыз ету үшін қаланың ІІБ-сы алдын алу шарасын өткізуде. "Шараның мақсаты - қоқысты жол жиегіне тастау, экологиялық нормалардың бұзылуы, яғни ауаны бұзатын заттардың көп мөлшерде жол жиегінде жатпауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ Жол полициясы басқармасының құрамы сыртқы тазалығы жоқ көліктерге қарсы жұмыстарды жүргізуде", дейді Алматы қаласы ІІБ ЖПБ-ның бастығы полковник Арман Сарбасов.

Жолполициясы учаскелік инспекторлармен бірлесіп тұрғын үй аулаларында тасталған жарамсыз автокөліктерді анықтап, қоқыстарды тастаушыларға қарсы рейд жүргізуде.