Жыл басынан бері Анталияда 12 қазақстандық қаза тапты - А. Әбибуллаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Анталияда Қазақстанның 12 азаматы қаза тапты. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

Жыл басынан бері Анталияда 12 қазақстандық қаза тапты - А. Әбибуллаев

Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын Қазақстанның жеті адамы зардап шеккен жол апаты орын алған тас жол қауіпті жолдардың бірі саналады.

«Біраз уақыт бұрын осы күре жолда («Памуккале-Анталия» - Агенттік) жол-көлік оқиғасынан біздің азамат Константин Иванов қаза тапты, бұл тас жол туристер үшін қауіпті саналады. Жыл басынан бастап Анталияда Қазақстанның 12 азаматы: үшеуі жол апатынан, 9-ы денсаулығы нашарлау салдарынан қаза тапты. Біздің консулдық қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсету үшін үнемі белсенді режімде жұмыс істейді», - деді ол.