Жыл басынан бері Астана аумағында қозғалған 101 қылмыстық істің 78-і есірткіні саудалаушыларға қатысты болып отыр - ІІД

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері Астана аумағында 101 оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жыл басынан бері Астана аумағында қозғалған 101 қылмыстық істің  78-і есірткіні саудалаушыларға қатысты болып отыр - ІІД
Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 110-ды құраған. Биыл жасалған қылмыстардың 78-і есірткіні саудалаушыларға қатысты болып отыр. Бұл мәліметтерді бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Тіл саясаты және ақпарат басқармасы таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Басқарманың мәліметтеріне қарағанда, жыл басынан 17 есірткі саудалау орны мен 1 есірткі притонының және 2 есірткі арнасының жолы кесілген. Ал заңсыз айналымнан 86 килә 52 грамм есірткілік заттар алынған. Оның 7 килә 110 грамы героин болып отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде алынған героинның мөлшері 6 килә 924 грамды құраған. Сондай-ақ жыл басынан бері «Шеп» бекеттерінде есірткіні заңсыз тасымалдаудың 51 фактісі анықталып, 7 адам қылмыстық жауапқа, 44 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Ал заңсыз айналымнан 52 килә есірткі алынып, оның 103 грамын героин, 2 килә 600 грамын гашиш құраған.