Жыл басынан бері Астанада 1 есірткі притоны және 2 есірткі арнасы жойылды - ІІД

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жыл басынан бері Астанада 1 есірткі притоны және 2 есірткі арнасы жойылды. Бұл туралы бүгін брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Жыл басынан бері Астанада 1 есірткі притоны және 2 есірткі арнасы жойылды - ІІД

«Астана қаласында 2010 жылдың басынан бері ІІД-де 227 қылмыстық іс қозғалды. Оның 78-і есірткі таратумен айналысатын тұлғаларға қатысты. Қалада жұмыс жасап келген 1 есірткі притоны, 2 есірткі тасымалдау арнасы және 29 есірткі сататын орын анықталып жойылды», - деп атап көрсетті ол.

Заңсыз айналымнан 156 кг 259,82 грамм есірткі құралы тәркіленді, оның ішінде 10 кг 593,64 грамм «героин» заты бар. 2009 жылы осыған сәйкес кезеңде 117 кг 525 грамм есірткі, оның ішінде 7 кг 971 грамм «героин» тәркіленген болатын.