Жыл басынан бері Астанада 500-ден астам өрт тіркелді

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 10 айында Астанада 568 өрт оқиғасы орын алып, 15 адам қаза болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен «Жылыту маусымына дайындық жөніндегі» брифингте белгілі болды, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
None
None
Ведомствоның мәліметіне қарағанда, қаңтар-қазан айларында елордада 568 өрт болған, соның ішінде 257-сі немесе 54,7 пайызы тұрғын үй секторында тіркелген. Тілсіз жаудың салдарынан 15 адам, соның ішінде 7 бала көз жұмды, 29 адам зардап шекті. Келтірілген материалдық залал 65 млн. 119 мың теңгені құрады. Тұрғын үй секторларындағы өрттерге негізінен жылыту пештері мен түтіндіктерді орнату және пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті сақтамау себеп болады. «Суық түскенде өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан өрттердің саны күрт артады»,- дейді ведомство қызметкерлері.
Соңғы жаңалықтар