Жыл басынан бері Астанада 875 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылғы тамыздың 1-індегі жағдай бойынша, Астана қаласында қаржыландырудың барлық көздерінің есебінен 875 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жыл басынан бері Астанада 875 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1,6 есе артық. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде көрсетілген, деп хабарайды ҚазАқпарат.

 Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылдың қорытындысы бойынша елордада 1 млн. 250 мың шаршыметрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Тамыздың 27-сіндегі жағдай бойынша Астана қаласында жалпы ауданы 3 млн. шаршыметрден астам 150-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл нысандардың 99-ы үлескерлердің қатысуымен салынуда. Қалғандары 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен салынуда. Тағы 10 нысан ведомстволық болып табылады», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.