Жыл басынан бері Астанада тәртіп бұзушыларға 22,5 млн теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының қоғамда заң бұзушылықтарға деген «нольдік шыдамдылық» ұстанымын қалыптастыру бойынша тапсырмасы елорданың ІІД қызметкерлерінің ұдайы назарында, деп хабарлады astana.gov.kz.

Жыл басынан бері Астанада тәртіп бұзушыларға 22,5 млн теңге айыппұл салынды

Астана қаласы ІІД ӘПБ басшысының орынбасары Ғосман Жакиннің мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық жерлерде темекі шегу, белгіленбеген жерде қоқыс тастау секілді ұсақ бұзушылықтарға деген «нольдік шыдамдылық» ұстанымын жүзеге асыру аясында 25 мыңнан астам әкімшілік заң бұзушылық тіркелген болатын.

Соның ішінде ұсақ бұзушылыққа жол берген 1300 тұрғын жауапкершілікке тартылды, олардың 163-і әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ, 1139 адамға 22,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдік ішкені үшін 6 мың адам ұсталды, қоғамдық жерлерде темекі шеккені үшін 5,5 мың адам, тыныштықты бұзғаны үшін 2 мыңнан астам және қоғамдық жерлерде өзгелердің мазасын алғаны үшін 550 адам жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың үш айында 11 жылжымалы сот отырысы өтті, олардың 8-і жоғары және орта білім мекемелерінде өткізілді.