Жыл басынан бері Астанада жол ережесін бұзған 17,5 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаяу жүргіншілермен жол ережелерін бұзу бойынша кезекті рейд өткізілді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Елордада апта сайын жұма күндері жол-көлік оқиғаларынан жарақаттанушылықтың алдын алу және жол апаттарын азайту мақсатында «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі» профилактикалық шарасы өткізіледі. Астана қаласының ІІД ӘПБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лариса Красникованың айтуынша, жыл басынан бері тыйым салынған жерлерден жолды кесіп өткені үшін 17,5 мың адамға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, жалпы 163 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріп алынды. Жаяу жүргіншілер арасында тыйым салынған жерлерде жолды кесіп өту, тұраққа қойылған көліктің және басқа да бөгеттер салдарынан жолға шығып қкету тәрізді жол ережесін бұзушылқытар жиі орын алған. Рейдтік шаралар барысында жол полициясы қызметкерлері жолдың аса қауіпті бөліктерінде жол қозғалысын бақылауды күшейтті. Жолдың қозғалыс бөлігін кесіп өткен жаяу жүргіншілерге әкімшілік хаттамалар толтырылды, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша алдын алу шаралары өткізілді.