Жыл басынан бері Бас прокуратура 450 заңсыз тексерудің алдын алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерге заңсыз тексеруді тағайындағандарды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті басшысының орынбасары Мейрам Таутенов мәлім етті.
«Тексерулердің жоспарлы түрінен бас тарту мен мемлекет тарапынан қабылданған шаралар кәсіпкерлерді тексеру деңгейін айтарлықтай төмендетуге ықпал етті. Егер де үш жыл бұрын айына орташа алғанда 35 мың тексеру тіркелсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 45 мыңнан асып түскен еді», - деп тоқталды ол.
М. Таутеновтың сөзіне қарағанда, бүгінде тексерулер саны 9 мыңнан аспайды.
«2015 жылдың өткен кезеңінде 715 тексеруді тіркеуден бас тартылып, 450 заңсыз тексеруді тағайындауға жол берілмеді. Осы орайда кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды»,-деді ол.