Жыл басынан бері бюджетке пәтерді жалға берушілерден 18 млн теңгеден аса қаржы түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде тиісті тіркеусіз пәтерді жалға берумен айналысатын тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде. Аталған шараны Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен бірлесе өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1000-нан аса жеке кәсіпкер тіркелді, мемлекеттің кірісіне 18 млн теңгеден аса қаржы түсті.

«Жүргізіліп жатқан жұмыс жалға берілетін пәтерлерде тұратын адамдар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өткен жылы учаскелік полиция инспекторлары мен Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде қала бюджетіне 85 600 000 теңге кіріс түсті», - деп мәлімдеді Астана қалалық ІІД бөлім бастығының орынбасары Госман Жакин.

Соңғы жаңалықтар