Жыл басынан бері елдегі бензиннің құны 21 пайызға қымбаттады

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы / - Жыл басынан бері елдегі бензиннің құны 21 пайызға қымбаттады. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Жыл басынан бері елдегі бензиннің құны 21 пайызға қымбаттады

«Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында инфляция деңгейі 5,9 пайызды құрады. Соның ішінде жекелей тауарлардың құнына келетін болсақ, жыл басынан бері дизельдік жанар-жағармайдың бағасы 24 пайызға өскен. Өндірушілер оны 22 пайызға арттырған. Бензин 21 пайызға, газ 7,5 пайызға қымбаттады. Өңдеушілер пропан мен метан құнын 6 пайызға қымбаттатып жіберген»,-деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, жазғы маусым кезеңдерінде азық-түлік бағасы 6 пайызға төмендеген. Адамдардың орташа айлығы 92 мың 993 теңгеге жеткен. Ал, 2011 жылғы қысқа мерзімді экономикалық индикатор былтырғы жылдың осы уақыт мерзімімен салыстырғанда 106,1 пайызды құрды.