Жыл басынан бері елімізде 1130 адам төтенше жағдайлар салдарынан мерт болды

Материалдық шығын 3 млрд. 458 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
Сонымен қатар министрдің сөзіне қарағанда, табиғи сипаттағы төтенше оқиғалар 2312 рет тіркелген. Бұл жалпы төтенше оқиғалар санының 18,3 пайызына тең. Ал осы оқиғалар кезінде 1997 адам зардап шексе, 497 адам қаза тапқан.
Мемлекеттік комиссия отырысында маусымдық тасқын мен су тасқынына, селге, көшкінге, өртке, жер сілкінісіне қарсы тұру, олардың зардаптар жою мәселелері егжей-тежейлі талқылануда. Алқалы жиынға орталық мемлекеттік органдардың, облыстар мен Алматы, Астана қалалары әкімдіктерінің өкілдері, ҚР ТЖМ құрылымдық және ведомстволық бөлімдерінің басшылары қатысуда.