Жыл басынан бері елімізде әуе көлігімен 1,6 млн жолаушы тасымалданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың І тоқсанында елімізде әуе көлігімен 1,6 млн жолаушы тасымалданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері елімізде әуе көлігімен 1,6 млн жолаушы тасымалданды

«Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2020 жылдың І тоқсанында тасымалданған жолаушылар саны 1 млн 687 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға (2019 жылы – 1 млн 604 мың адам) көп», - делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, наурыз-сәуір айларында Қазақстанда әуе көлігімен жолаушы тасымалы 70 пайызға қысқарды. Өйткені, 1 сәуірден бастап төтенше жағдайлар мемлекеттік комиссиясының тапсырмасын орындау аясында қазірге дейін 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс немесе барлық халықаралық рейстің 99 пайызы қысқартылды.

1 сәуірден 1 мамырға дейін барлық тұрақты ішкі рейстер де тоқтатылды.