Жыл басынан бері елімізде көлік апатынан 400-ге жуық адам қаза болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы көлік апатынан 383 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.
2014 жылдың 3 айындағы жол-көлік оқиғаларын және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу мәліметтеріне сәйкес, Республика бойынша барлығы 3 782 ЖКО тіркелген, ал 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 3 157 ЖКО тіркелген болатын. Осылайша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда үстіміздегі кезеңде тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 19,8 %-ға артқаны байқалады», - делінген хабарламада.
Егер әрбір облыс бөлігінде қарайтын болсақ, онда көптеген жол-көлік оқиғаларының саны Алматы қаласында - 1 289 (762), Оңтүстік Қазақстан - 549 (447), Алматы - 344 (269), Шығыс Қазақстан - 239 (223), Жамбыл - 220 (253) облыстарында көбірек екендігі байқалады.
«Жол-көлік оқиғаларының орын алған деңгейін бағаласақ, онда көпшілігі елді-мекендерде жасалған - 3119, олардан 146 адам қаза тапты. Жолдарда және тас жолдарда - 663 ЖКО тіркелді, олардан 224 адам қаза тапты. Жалпы, Республика бойынша жағдай өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендегідей көрініс табады. Жол-көлік оқиғаларында 383 (460) адам қаза тапты және 4 728 (4 054) адам жараланды. Бұл ретте, қаза болғандардың ең көп саны Алматы - 85 (72), Оңтүстік Қазақстан - 54 (80), Жамбыл - 39 (58), Шығыс Қазақстан - 35 (24) облыстарында және Алматы қаласында - 24 (18) тіркелді», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.