Жыл басынан бері елорда аумағында 13 қылмыстық іс қозғалса, соның 7-еуі есірткі сатумен байланысты

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жыл басынан бері елорда аумағында 13 қылмыстық іс қозғалса, соның 7-еуі есірткі сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты болып отыр.

Жыл басынан бері елорда аумағында 13 қылмыстық іс қозғалса, соның 7-еуі есірткі сатумен байланысты

Астана қалалық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуынша, 1 айдың ішінде заңсыз айналымнан 51 келі 499 грамм есірткі заттары, оның ішінде 981 грамм героин тәркіленген.

Мәселен, қалалық ІІД департаменті қызметкерлерінің елорда аумағына есірткі заттарын жеткізу арналарының жол кесу мақсатында өткізген жедел іздестіру шаралары барысында Астана қаласының 1966 жылғы азаматының есірткі сатпақ болғандығы жайында ақпарат келіп түскен. Осыған орай кеше кешкісін бұрын да осындай қылмысы үшін екі жылға сотталған азамат Брусиловский көшесі бойында ұсталған. Жеке заттарын тінту барысында күдіктіден жалпы салмағы 4,67 грамм героин тәркіленген.