Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жыл басынан бері елорда халқының саны 7,5 мыңға жуық адамға көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы халқының саны ағымдағы есеп бойынша 2015 жылғы 1 мамырға 860 368 адамды, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 380 449 (44,2%), «Есіл» ауданы бойынша - 130 669 (15,2%), «Сарыарқа» ауданы бойынша - 349 250 (40,6%) адамды құрады.

Жыл басынан бері елорда халқының саны 7,5 мыңға жуық адамға көбейді

Астана қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 7486 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 595 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 3841 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 3050 адамға көбейді, деп хабарлайды astana.kz. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде халықтың табиғи өсімі 6803 адамды, көші-қон өсімі 683 адамды құрады. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда, 8089 жаңа туылған сәби тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4%-ға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,7%-ға артып, 6803 адамды құрады. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,4%-ға, ажырасулар саны 9,8%-ға өсті.