Жыл басынан бері елордада 12 мыңнан астам жаңа пәтер салынды

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 11 айында Астанада тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 54932,2 млн теңгені құрады, деп хабарлайды  қалалық Статистика департаменті.

Жыл басынан бері елордада 12 мыңнан астам жаңа пәтер салынды

Елорданың ресми сайтының жазуынша, қаржыландырудың барлық көздері бойынша, пайдалануға  12 181 пәтер берілді. Пайдалануға  берілген  тұрғын үйдің жалпы көлемі 1 189 713  шаршы метр. Жеке үй салушылар  жалпы көлемі  45 174 шаршы метр үй тұрғызды.

Тұрғын үй құрылысының  1 шаршы метрінің  орташа нақты бағасы 2012 жылдың  қаңтар-қараша айларында  92,2 мың теңгені құрады (2011 жылы ол - 89,7 мың теңге),  ал тұрғын үй құрылысы пайдалы алаңының  1 шаршы метрінің  орташа нақты бағасы  125,8 мың теңге  (2011 жылы ол  - 118,2 мың теңге), соның ішінде жекеменшік үй салушыларда  - 44,2 мың теңге болды.